Қазақстандық мерген олимпиада чемпионын жеңіп, әлем кубогын еншіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Индонезияда өткен нысана көздеу жарысында швейцариялық олимпиада чемпионын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз Арина Алтухова Джакартада (Индонезия) өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Сүйінші хабарды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жеткізді.

«Арина 50 метрдегі нысананы шағын калибрлі мылтықтан үш қалыпта ату бойынша қыздар арасындағы «алтын финалда» (golden match) Швейцариядан келген Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы Нина Кристенді ұтты» деп жазды ол Facebook парақшасында.

19 жастағы алматылық мерген шешуші сайыста бірінші болып қажетті 16 ұпайды жинады.

«Жеке жарыстағы медальдардан бөлек, Ислам Сәтбаев, Матвей Тимофеев және Константин Малинковский бар ерлер құрамасы командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алғанын да атап өткім келеді» дейді министр.

Фото: facebook.com/Асхат Оралов
Соңғы жаңалықтар