Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Редактор:  
Айдар Оспаналиев

Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды Фото: gov.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды.

Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.

photo




Серіктестер жаңалықтары