Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу жылының екінші тоқсанында мектепте оқыту форматтары бойынша алдын ала есептеулер жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім және ғылым министрлігінің Telegram-да жариялаған мәліметінше, қазіргі кезде қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн, дәстүрлі форматта – 953 мың, 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.
Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, тиісті шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған болатын.
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
- «Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды
- ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуда
-
Карантин: Елордада бір тәулікте 108 кәсіпкерлік нысан тексерілді
-
ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам