+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстандық медициналық ұйым Қырғызстанның 2 орталығымен меморандумға қол қойды

2019 жылғы 13 қараша 19:25
Бөлісіңіз:
Қазақстандық медициналық ұйым Қырғызстанның 2 орталығымен меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қырғыз Республикасының Ана мен баланы қорғау, Онкология және гематология ұлттық орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандум аясында екі ел арасында медициналық көмек көрсетуді арттыру, медициналық туризмді дамыту, медицина қызметкерлер мен дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру және басқа да салалар бойынша екіжақты әріптестік орнатылмақ. Шара барысында сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан медициналық ұйымдары арасында 10 меморандумға қол қойылды.


Айта кетейік, бүгін Қырғыз Республикасында Қазақстанның медицина күндері басталды. Екі күндік шараға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 100-ден астам делегат қатысуда.

Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары қарсаңында өтуде.

Қырғызстандағы қазақстандық медицина күндері – бұл Қазақстан мен Қырғызстан денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жолында тәжірибе мен біліммен, инновациялар мен технологиялармен алмасуға бағытталған іс-шара.

Сапар барысында қазақстандық мамандар медициналық ұйымдарда азаматтарға тегін кеңес беруді ұйымдастыруды жоспарлауда.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Қазақстанның озық медициналық ұйымдарының қатысуымен медициналық көрме өтеді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Қырғызстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT