Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қазақстандық меценаттар «Туған жеріне» 51 млрд теңге аударды

2018 жылғы 9 ақпан 13:23 216
Бөлісіңіз:
Қазақстандық меценаттар «Туған жеріне» 51 млрд теңге аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады Елбасы «Astana Group» компаниялар тобының президентін қабылдады

«Сіздің «Рухани жаңғыру» бағдарламаңызда айтылған тапсырмаларыңыз экономиканы жаңғырту процестеріне маңызды идеологиялық қолдау көрсетіп отыр. Болашақ қазақстандықтарды тәрбиелеуде жаңа білім беру саясаты қалыптасып келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев Президенттің қатысуымен өткен отырысында жасаған баяндамасында

Бақытжан Сағынтаевтың айтуына қарағанда, мемлекеттік тілді латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалған.

«Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында 800 атаудан тұратын оқулықтар тізімі әзірленіп, олардың ішінде әлемдегі ең озық 17 гуманитарлық бағыттағы кітаптар қазақ тіліне аударылған.

«Туған жер» жобасы аясында елімізде 700-ден астам іс-шара атқарылып, тағы да 300-ден астамы іске асырылуда. Меценаттардың есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Қазақстандық меценаттар «Туған жеріне» 51 млрд теңге аударды 

Сонымен бірге, «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша жалпыұлттық маңызы бар 183 және жергілікті маңызы бар 520 нысан анықталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 тіліне дубляждалатын 4 фильмді түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстандық меценаттар «Туған жеріне» 51 млрд теңге аударды 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Олармен Сіз өткен жылдың желтоқсан айында кездестіңіз. Төл мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелдерде таныстыру үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық мәдениетіміздің ең үздік жетістіктері таңдап алынды», - деді Үкімет басшысы.

Қазақстандық меценаттар «Туған жеріне» 51 млрд теңге аударды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT