Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Болгариядағы турнирде үздік үштікке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болгарияда мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирі өтуде. Аталған сында қазақстандық Мария Гречаная қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мария жасөспірімдер арасындағы бәсекеде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 144.08 ұпай жинаған. Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.


Соңғы жаңалықтар