Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

None
None
ТАЛЛИН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы күндері Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, бұл мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан үшін тарихи жетістік. Себебі бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.

М.Шайдаровтың турнирде көрсеткен өнерінің видеосы.

Соңғы жаңалықтар