Қазақстандық мамандар Өзбекстанда көп қабатты үйлердің беріктігін сынауда

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда ірі панельді 9 қабатты үйдің вибродинамикалық сынаулары басталды. «Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сериялық өндіріске енгізуге жоспарланатын жаңа құрылымдық сызбаның сейсмикалық төзімділікке эксперименттік сынауларын Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мамандары жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.





«ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарушы директоры Ералы Шокбаров эксперименттік зерттеулерді жүргізу барысында алынған талдамалық мәліметтер ғылыми қызығушылыққа ие және Қазақстанның құрылысында қолданыла алады деп есептейді.

«Ташкенттегі вибродинамикалық сынаулар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық ынтамақтастық үшін өте маңызды оқиға.  Сейсмикалық төзімділікке қатысты сынаулардың барысында Белоруссиядан келген жобалаушылар әзірлеген жаңа құрылымдық сызба тексерілетін болады. Берілген құрылымдық шешім сейсмикалық қауіпті аймақтарда бұрын қолданылмаған, сондықтан эксперименталды тексерісті талап етеді. Мұндай зерттеулер көтергіш элементтерінің  нақты шарттарын модельдеуге және олардың сейсмикалық әсер етулеріне қарсы тұру қабілеттілігі туралы шыншыл ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қазақстан аумағының бір бөлігі сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқандықтан эксперименталды тексеріс барысында алынған нәтижелер біздің институтымыздың сарапшыларымен зерттелетін болады, ал кейін сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту үшін тек Өзбекстандағы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда да пайдаланылатын болады», - деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарушы директоры Ералы Шокбаров.

Ғимараттың теңселуін оның бетінде орнатылған В-3 үлгідегі вибромашинаның инерциясы қозғайды. Вибрациялық машинаны қолдану сынаулар кезінде зерттелетін көтергіш қабырғалық құрылымдардың жүктелуінің динамикалық сипатын іске асыруға және сейсмикалық үлгідегі жүктемелер кезінде олардың әрекет етудің негізгі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.



Вибродинамикалық сынауларды 5 кезеңнен өткізу жоспарланып отыр. Сынаулардың әрбір кезеңінде ғимарат бірсарындыдан бастап амплитудалармен белгіленетін шетке дейін теңселетін болады.  

Әр кезеңнен кейін вибрациялық сынауларды жүргізген кезде: теңселулерді тіркеу және алдын ала деректерді өңдеу, құрылымдарды визуалды зерттеу, пайда болған зақымдарды фотобелгілеу, сондай-ақ ғимараттардың теңселуі бейнеге түсірілетін болады. Вибросынаулар барысында алынған сынақтар мен деректер кейін жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттың жағдайын талдауға қолданылатын болады. Сонымен қатар, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары бетонның нақты беріктігінің жобаға сәйкестігін тексереді. 

Соңғы жаңалықтар