Қазақстандық мамандар AppStore-де 50 бірегей мобильді қосымша жасамақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық бағдарламашылар АҚШ-тағы кремний алаңында өтетін программистердің 2 айлық жазғы бағдарламасына қатыспақ. Олар AppStore-де 50 қазақстандық бірегей мобильді қосымша жасаумен айналысады.

«Беларусь, Украина, Израиль, Швеция елдерінің ІТ компанияларының жеткен керемет жетістіктеріне куә болып жатырмыз. Қазақстанда да таланты мамандар бар. Бірақ, бізде кадрлар тапшылығы білінеді», - деді «n17r.com» инкубаторының жетекшісі Арман Сүлейменов.
Биыл тек қана бағдарламашылар ғана емес, маркетологтар мен дизайнерлер де атсалысып жатыр. Мобильді тек шығарып қою аздық етеді. Әр қосымшаны жасауға жан-жақты мамандар тартылатын болады.

«Бір айдан соң мен Кремний алаңында боламын. Google компаниясында небір майталмандардың арасында тәжірибе алмасудан өтемін. «TheSummerStartupSchool» бағдарламасы бойынша оқыған кезде менің өзіме деген сенімділігім артты. Өзімнің достарыма да жаз мезгілін пайдалы өткізуге кеңес беремін»,- деді программистердің бірі Әнуар Серіков.

Айта кету керек, былтырғы бағдарлама барысында қазақстандық команда 37 бірегей iPhone-қосымша ойлап тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар