Қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени мұраның танымал әрі ажырамас бөлігіне айналуы тиіс - Елбасы

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгінгі қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени мұраның танымал әрі ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бүгін елордада «Астана-Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ашылуы барысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени мұраның танымал әрі ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бұл заманауи өнердің барлық түрлеріне қатысты мәселе. Музыка да, кино да, театр да, әдебиет те, бейнелеу өнері де осылай болуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев дәл осы мақсатқа алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің, басқа да халықаралық және әлемдік ауқымдағы форумдардың алаңын пайдалануға болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар