Қазақстандық лоукостер Астана мен Анкара арасында жаңа рейстерді іске қосады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп халықаралық рейс санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейс санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.


Соңғы жаңалықтар