Қазақстандық Lady Sparta кәсіпқой рингтегі келесі айқасы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Аида Сатыбалдинова (3-0-1) кәсіпқой рингтегі кезекті айқасы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Барлығыңызға сәлем! Менің келесі жекпе-жегім таяуда, 15 маусымда Лос-Анджелесте өтеді. Билеттер құны 55$. Барлығыңызды келесі айқасымда көрсем, қуанар едім. Құрметпен, сіздердің Lady Sparta. Алға, Қазақстан!» - деп жазды Аида Instagram парақшасында.

Еске салайық, Сатыбалдинова алдағы жекпе-жекте америкалық дебютант Пеппер Шэниан Диксонмен күш сынайды. Айқас жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және төрт раундқа созылмақ.

Соңғы жаңалықтар