Қазақстандық қыз ШЫҰ-ның 15 жылдығына өткізілген марафонды жеңіп алды

None
None
БЕЙЖІҢ-КУНЬМИНЬ. ҚазАқпарат - Талдықорғандық Гүлжанат Жанатбек Қытайдың Куньмин қаласында өткен ШЫҰ халықаралық марафонында 21 шақырым қашықтықта әйелдер арасында бірінші орын иеленді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Гүлжанат Жанатбек 21 шақырымдық қашықтықты бәрінен бұрын еңсеріп, 5 мың долларды құрайтын ақшалай жүлдені иеленді. Ол Қазақстан жеңіл атлетикасы құрамының мүшесі. 1991 жылы туған, яғни, Тәуелсіздіктің құрдасы болып шықты. ҚХР-дағы ҚР Елшісі оған медаль табыс етті.

null  

Екінші орынды Кения өкілі, үшінші орынды Өзбекстан спортшысы алды.

null

Еске салсақ, марафонға ШЫҰ-ға мүше 18 елдің өкілдері, сондай-ақ басқа да елдердің спортшылары қатысуда.

null

Бұдан бұрын «ҚазАқпаратқа» хабарлағандай, ШЫҰ бас хатшысы Рашид Әлімов шара Юньнань провинциясының өңірлік биліктері есебінен және демеушілік көмектен қаржыландырылғанын хабарлаған.

null  

Оның айтуынша, марафон дәстүрге еніп, саммит немесе ШЫҰ шаралар жоспарына сәйкес, ірі шара ұйымдастыратын елдерде өтеді.

null 

Соңғы жаңалықтар