Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Алматыға келді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 38 адамнан құратын, құрамында құтқарушылар мен медицина мамандары бар алғашқы қазақстандық топ Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Түркияның Газиантеп қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 бортымен республикалық жедел құтқару жасағының 33 қызметкері келді. Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде құтқарушылардың Түркиядан оралған соң міндетті түрде марапатталатынын айтқан болатын.


Еламан Тұрысбеков
Соңғы жаңалықтар