Қазақстандық күрзі жұдырық иесі чемпиондық белбеуін Денис Тенге арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Али Балоев кәсіби рингтегі алтыншы жеңісін жуырда ғана қылмыскерлердің қолынан мерт болған мәнерлеп сырғанаушы, Денис Тенге арнады, деп хабарлайды Sports.kz.

Балоев Остиндегі (Техас штаты, АҚШ) бокс кешінде америкалық Ричард Уркисоны (3-4-2, 1 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңіп, ауыр салмақта бос тұрған жасөспірімдер арасындағы NABF чемпиондық белбеуінің иегері атанды.

«Ассаламалейкум! барлықтарыңыздың құттықтауларыңызға алғасымды білдіремін. Бүгін мен қуанып та қайғырып та тұрмын. Қуанып тұрған себебім жеңімпаз атандым, мен бүгін Солтүстік Американың чемпионымын. Қайғым, барлығымыздың қабырғамызды қайыстырған Денис Теннің қазасы. Мен бүгінгі жеңісім мен чемпиондық белбеуімді осы ерекше дарынды спортшыға, ақжарқын мінезді азаматқа арнаймын. Мен Али Балоев, бүгінгі жеңісімді саған арнаймын Денис! Аман болыңыздар!»,-деп жазды ол өзінің в Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында екі қарақшы Денис Теннің көлігінің айнасын ұрламақшы болған. Спортшы қылмыскерлердің қылмысының үстінен түсіп, жанжал басталған. Сол сәтте мәнерлеп сырғанаушыға қылмыскерлердің бірі пышақ салды. Көп қан жоғалтқан Денис ауруханада көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар