Қазақстандық құрылыс материалдарын тиімді бағада алу үшін онлайн платформа құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық құрылыс материалдары үлесін ұлғайту үшін арнайы онлайн-платформа әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан тұрғын үй компаниясы «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық құрылыс материалдарының үлесін ұлғайту үшін онлайн-платформаны (құрылыс материалдары маркетплейсі) дамытып жатыр. Онлайн алаңда елдегі барлық қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілер өз өнімдері туралы ақпаратты орналастыра алады, ал құрылыс компаниялары қажетті қазақстандық материалдарды делдалсыз ең тиімді бағамен сатып ала алады», - деді «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, 2020 жылдың бірінші кезеңінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 106 жылжымайтын мүлік нысанының электронды сметаларына талдау жасалған. Электронды сметалардың парсинг алгоритмі жасалған және «Нұрлы жер» ахуалдық орталығында құрылыс материалдарының барлық қажеттілігі есептелген. Қазіргі уақытта 106 нысанның құрылыс материалдарына сұранысы 51,4 млрд теңгені құрайды.

«Сондай-ақ, біз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс компанияларының құрылыс материалдарына қажеттіліктері бойынша онлайн витрина жасадық. Онда қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілер сұранысты көре алады және қажет болған жағдайда тіркеуден өткен құрылыс компанияларына коммерциялық ұсыныстар жібере алады. Құрылыс компаниялары жеке кабинетіне құрылыс материалдарын өндірушілерден коммерциялық ұсыныстар түскені туралы хабарлама алады және сол жерде коммерциялық ұсыныстар қарастыруға, таңдауға мүмкіндік алады», - дейді А. Күздібаев.

Қазіргі уақытта онлайн-витрина www.stroimaterial.kz адресі бойынша тестілеу режимінде іске қосылған.

Айта кетейік, 2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылғы кезеңнен 17% жоғары.

https://kaz.inform.kz/news/otken-zhyly-14-myn-kazakstandyk-zhenildetilgen-ipoteka-aldy_a3757620

Бұған дейін «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттай ма?» деген сұраққа жауап берген еді.


Соңғы жаңалықтар