Қазақстандық қос теннисші шетелде өткен турнирде топ жарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Гөзал Айнитдиноаа шетелде өткен турнирде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Скатов Түркияның Анталия қаласында ITF жарысында бақ сынады.

Финалға дейін төрт қарсыласын тізе бүктірген рейтингте 579-орында тұрған Т.Скатов соңғы бәсекеде сербиялық Милян Зекичпен (554-ракетка) күш сынасты.

Қазақстандық теннисші тартысты матчта қарсыласын 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Рейтингте 503-орындағы Г.Айнитдинова Тунистегі осындай турнирде бес кездесу өткізді.

Финалда Беларусь өкілі Юлия Хатуканы (529-ракетка) 6:2, 6:4 есебімен ұтып, ол да бас жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин мен А.Бубликтің жұптық сында Аустралия чемпионатының ширек финалына шыққанын, ал Е.Рыбакина мен З.Диястың үшінші айналымға өте алмағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар