Қазақстандық қос боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілде күні Екатеринбург қаласында RCC Boxing Promotions компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде "Қазақстанның кәсіпқой боксы" аккаунтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Шараға Қазақстаннан екі спортшы қатысады. Оның бірі - бірінші жартылай орта салмақтағы Дәулет Дәукенов (5-0, 3КО). Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. Қазақстанның намысын екінші болып аса жеңіл салмақтағы Мадияр Жанұзақ (4-0, 1КО) қорғамақ. Боксшы филиппиндік Альфоэ Дагайлоанамен (9-2-5, 3КО) күш сынасады. 

Дәукеновтің соңғы жекпе-жегі 18 сәуірде Өзбекстанның атынан бокстасқан Максуд Джумаевты (12-16-1, 6КО) алдын ала жеңуімен аяқталған болатын. Ал Мадияр Жанұзақ соңғы рет 28 ақпан күні филиппиндік боксшы Джон Марк Алиманені төрешілердің бірауыздан қабылдаған ортақ шешімімен жеңіп шыққан.

Соңғы жаңалықтар