+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

2018 жылғы 21 қараша 10:21
Бөлісіңіз:
Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық қос боксшы әйелдер арасында Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Карина Ибрагимова мен Жайна Шекербекова финалға шығу үшін сынға түседі.

Карина Ибрагимова ширек финалда 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Венлю Янгты ұтты. Ал Жайна Шекербекова 51 келіге дейінгі салмақта Польша елінің өкілі Сандра Драбиктен басым түсті. Осылайша Карина мен Жайна кемінде қола медальға ие болады.

Өкінішке қарай, Фариза Шолтай ширек финалда 81 келіге дейінгі салмақта тағы бір поляк қызы Виктория Кабиковаға жол берді. Милана Сафронова 64 келіге дейінгі салмақта украиналық Мария Бовадан ұтылды. 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева да америкалық Даниэлла Перкинстен айласын асыра алмады.

Жартылай финалдық бәсеке 22-23 қараша күндері өтеді. К.Ибрагимова бейсенбі күні ирландиялық, 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Келли Харрингтонмен рингке шығады. Ал жұма күні Ж.Шекербекова жапониялық Намики Цукимимен қолғап түйістіреді. Н.Цукими биылғы маусымда ҚР Президенті кубогы үшін жарыста екі мәрте әлем чемпионы Назым Қызайбайды ұтып кеткен болатын. Соның қарымтасын Жайна қайтара ала ма, жоқ па - оны ринг көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес боксшы қыздың ширек финалға және Карина Ибрагимованың жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT