+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстандық композитор «Абай сыры» атты күй шығарды

2020 жылғы 23 қыркүйек 16:09
Бөлісіңіз:
Қазақстандық композитор «Абай сыры» атты күй шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай композитор Шолпан Қорғанбек «Абай сыры» атты күй шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Люксембургте Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтті Абай өсиеті – өскелең ұрпақ үшін айнымас темірқазық Дихан Қамзабекұлы: Президенттің «Семей тезистері»

Шолпан Қорғанбек - мәдениет қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі.

Шығарманың музыкалық бейнесі Абай тұлғасымен байланысты. Бұл шығармада ұлы жазушы, қазақ ойшылының бейнесі туған табиғатының бірегей сұлулығын сипаттау арқылы ашылады. Халық әні рухындағы лирикалық әуен, дала кеңістігіндегі музыкалық бейне Абайдың философиялық толғаныстарын жеткізеді. «Абай сыры» шығармасының музыкалық тілі мәнерлі және әуезді. Онда ән, шертпе күй сияқты халық жанрларының интонациясы үйлесім тапқан.


«Бізге Шолпан Қорғанбектің «Абай сыры» музыкалық шығармасы өте ұнады. Оның осы туынды авторы екені қатты қуантады. Мәнерлі де әдемі әуен жүрекке әсер етіп, туған жер, халық даналығы туралы ой қозғайды. Осы шығарманы тыңдай отырып, ұлы бабаны жақын туысыңдай сезінесің. Шолпан Қорғанбек жазушы жанының лирикалық табиғатын суреттей отырып, ұлы Абайдың бейнесін өте нәзік және сезімтал ретінде көрсеткен», - дейді күйді орындаған «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің орындаушысы Ертіс Сайырхан.

Еске сала кетсек күні кеше М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов таяу арада Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарыққа шығатынын мәлім еткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT