Қазақстандық компания өнімдері Еревандағы көрмеде еуразиялық өндірушілердің қызығушылығын тудырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ASTANA Ютария Ltd» ЖШС қазақстандық өндірістік инновациялық компаниясының, сонымен қатар «Жасампаз» отандық өндірушілер консорциумының өнімдері мен тәжірибесі Еревандағы Еуразиялық апталық аясында ұйымдастырылған көрме барысында еуразиялық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің, келушілердің қызығушылығын тудырды.  «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісіне сұхбат берген «ASTANA Ютария Ltd» компаниялар тобының  даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Әсел Жүргенова компанияның тарихы және еуразиялық әріптестер тарапынан туындаған қызығушылық жайында айтып берді.

«Ютария» компаниялар тобы 2013 жылы құрылды. Біздің екі өндірістік алаңымыз бар, бірі Қарағанды облысында, екіншісі Астана қаласында орналасқан. 2013 жылы Бизнестің жол картасы бойынша Астана индустриалды паркінің аумағында толық жүктемеге көшкен кездегі өндірістік қуаты 1,5 миллионнан астам бұйымды құрайтын   «KazTexExpo» автоматтандырылған өндірістік кешені жобасы салынды. Бүгінгі күні өндірістік қуат жүктемесі 17 пайызды құрап отыр», - деді Ә.Жүргенова.

Оның айтуынша, «Ютария» компаниясы өнімнің кең ауқымды түрін шығарады. Олардың қатарында: түрлі саланың арнайы киім-кешектері, үйге арналған тоқыма маталар, трикотаж, классикалық костюмдер бар. 


«2017 жылы «Жасампаз» отандық тауар өндірушілердің консорциумы құрылды. Консорциум құрылған сәтте оның құрамына 5 компания кірсе, бүгінде шикізат пен қатар дайын өнімдерді шығаратын 51 ірі кәсіпорынның басын қосып отыр. Консорциум қатысушыларының негізі мақсаты - күш-жігерлерін шоғырландыру арқылы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісін толықтай жолға қою», - деді Ә.Жүргенова.

Ә.Жүргенованың атап өтуінше, Ереванда өткен Еуразиялық апта аясындағы көрмеде қазақстандық жеңіл өнеркәсіп компанияларының өнімдері мен тәжірибесі армениялық өндірушілермен қатар ретейлердің тарапынан да зор қызығушылық тудырған.

«Ереван көрмесіне қатысқанымызда армениялық әріптестер тарапынан компаниямыздың жұмыс тәжірибесіне айрықша қызығушылық байқалды. Әсіресе, олар біздің Қазақстан Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық үлгісіндегі мемлекет пен жеке сектордың өзара пайдалы әрі тиімді іс-қимыл моделін қалыптастырғанымызға ерекше назар аударды.


Армениялық әріптестеріміз Қазақстанда, біздің өндірістік қуатымыздың базасында мата өндіретіндігімізге қатты таңғалды. Бүгінгі күні шымкенттік мақта-мата зауытында қайта өңделіп, дайын өнім шығарылады. Ал 2016 жылға дейін мақта негізінен экспортқа шығарылып келген болатын. Мата мүлдем дайындалмайтын.

Посткеңестік кеңістікте мата өндірісі ең алдымен Ресей және Беларусь елдерінде жолға қойылған еді. Ал басқа мемлекеттерге лайықты деңгейде назар аударылмайтын. Дегенмен, аталған көрме аясындағы бір алаңдағы тығыз жұмыстардың арқасында компаниямыздың экспорттық әлеуеті ашыла түсті.


Арменияның арнайы киім-кешек шығаратын 2 компаниясы қазақстандық шикізатқа қызығушылық танытып отыр. Бұған қоса, тағы бір армениялық ретейлер біздің трикотаж бұйымдарымызға  назарын аударды. Біз үшін бұл дайын өнім  экспорты деген сөз. Барлығымен де одан арғы ынтымақтастықты дамыту жолдарын тыңғылықты уағдаластық», - деді Әсел Жүргенова.

Соңғы жаңалықтар