Қазақстандық компания Қырғызстандағы кенішті игеруге $430 млн инвестициялаған

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстандық KAZ Minerals Bozymchak компаниясы Қырғызстандағы Бозымчак жезді-алтын кен ошағына 10 жылда 430 млн доллар құйған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кәрім Көкірекбаевтың кен-байыту комбинатына сапары кезінде компанияның бас директоры Ілияс Төлекеев айтты.

Қырғыз Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан Бозымчак - KAZ Minerals компаниясының Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан алғашқы жобасы.

«2007 жылдан бастап жобаға 430 млн доллар инвестицияланды. Қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, Қырғыз Республикасының азаматтары үшін 1200 жұмыс орны ашылды. Осы кезең аралығында компания мемлекет бюджетіне 2,8 млрд сом (41 млн 176 мың доллар) көлемінде салық төлеген», - деді кездесуде Ілияс Төлекеев.

Соңғы жаңалықтар