Қазақстандық команда велошабандозы жеңімпаз атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Qazaqstan Team командасының итальяндық велошабандозы Симоне Веласко «Вуэльта Валенсия» турнирінің үшінші кезеңін жеңімпаз атанды. Ол өз командасына жаңа маусымдағы алғашқы жеңісін алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27-жастағы Симоне Веласко Бетера және Сагунто қалалары арасындағы 145-шақырымға созылған кезеңде мәре сызығын бірінші болып қиды. Оған 3 сағат 13 минут және 47 секундты жұмсады.

Мәре сызығына «Bora-Hansgrohe» командасында ойын көрсететін Люксембург елінің өкілі Боб Юнгельс екінші болып келсе, үздік үштікті «Uno-X» клубынан даниялық Йонас Грегард Вилсли түйіндеді.

Қазақстандық команда велошабандозының мәре сызығын алғашқы болып қиғандығы жөнінде испаниялық гранд-тур ұйымдастырушулары бейнежазба жариялады.

Сондай-ақ, қазақстандық велокоманданың баспасөз қызметі Симоне Веласко өзінің жеңісін бұған дейін клубта тәжірибелі массаж жасаушы Умберто Инсельвиниге арнағанын хабарлады. Тәжірибелі маман жақында жүрек талмасынан өмірден өткен еді.

«Вуэльта Валенсия». Үшінші кезең.

Bétera-Sagunto. 145,1 шақырым

1. Симоне Веласко (Италия, «Астана») - 3:13:48

2. Боб Юнгельс (Люксеvбург, «BORA-hansgrohe»)

3. Йонас Грегард Вилсли (Дания, «Uno-X»).

Көпкүндік «Вуэльта Валенсия» жарысы Испанияда 1-5 ақпан аралығында өткізіледі.

Қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасы Испания жерінде өтетін екі веложарысқа қатысады.

Еске салсақ, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогінде Қазақстан мен Чили кездесуінің жеребесі тартылды.

Фото - Sport.kz


Соңғы жаңалықтар