Қазақстандық кішкентай блогерлер алғаш рет Nickelodeon Kids Choice Awards үміткерлері қатарына кірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards сыйлығының үміткерлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсім 4 наурызда Лос-Анджелесте өтеді және мұнда балалар арасындағы кино, теледидар, музыка, спорт пен әлеуметтік желілер әлемінің ең танымал өкілдері бақ сынайды. Сонымен қатар, балаларға арналған сүйікті әндер, фильмдер, телешоулар мен сериалдар да аталып өтеді.

Биылғы жылы Kids Choice Awards сыйлығына Бейонсе, Крис Эванс, Леди Гага, Селена Гомес, Лиззо, Гарри Стайлс, Серена Уильямс, Эд Ширан, Тейлор Свифт және тағы басқалар ұсынылды. Алғаш рет ұсынылғандардың арасында Дженна Ортега, Джек Харлоу, GAYLE, Джоджи, Ники Юр, Летиция Райт және басқалар бар. «Очень странные дела» сериалы алты номинация тізімінің көш басында тұр, одан кейінгі орындардан әрқайсысы төрт номинациядан тұратын «Ох уж эта Лэй-Лэй», «Классный мюзикл: Мюзикл» және «Волшебные покровители: Еще волшебнее» сериалдарын көруге болады.

Nickelodeon Kids' Choice Awards сыйлығы әлемдік супер жұлдыздардан басқа, әлемнің әр тарапындағы инфлюенсерлер үшін аймақтық номинацияларды да қамтиды. Биылғы жылы салтанатты рәсім тарихында алғаш рет Қазақстаннан «Сүйікті қазақстандық инфлюенсерлер» номинациясы бойынша төрт үміткер: Алина Ким (Homa), Амина Малгаждар (Аминка Витаминка), Жасмин Сайделдинова (Jessysclick) және Батыр (Batyr White) сайысқа түсетін болады.

Үміткерлердің бүкіл әлем бойынша жанкүйерлері Kids Choice Awards-тың ресми сайтында 31 категория, сонымен қатар әлем бойынша аймақтарда қолжетімді болатын 32 халықаралық категорияда дауыс бере алады.

Nickelodeon Kids' Choice Awards-2023 бүкіл әлем бойынша түрлі платформаларда көрсетіледі. Қазақстанда салтанатты рәсімді 8 наурыз күні сағат 20:00-де, қазақ тілінде Nickelodeon HD арнасынан көруге болады. Аймақтық номинация жеңімпазы сол күні арнаның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланады.


Фото: kca.nick.co.uk

Соңғы жаңалықтар