+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстандық келіншекті Сирия екі ұлынан айырды

2019 жылғы 14 қазан 18:12
Бөлісіңіз:
Қазақстандық келіншекті Сирия екі ұлынан айырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жусан» операциясы арқылы Сириядан елге оралған келіншек ол жақтағы ауыр күндері туралы айтып берді. Алматы облысының тұрғыны Шам еліне үлкен ұлын іздеп барған екен. Көпбалалы ана бірнеше сұраққа жауап беруге келісті.

Ұқсас жаңалықтар
Сириядағы соғысқа аттанған Диас: Жейтін тамақ таппай, шөп жеп, лас су ішіп күн көрдік Сириядан оралған Шынар басынан өткендері туралы кітап жазбақшы Сирия бойынша Астана процесінің кезекті отырысы тамызда өтеді

– Шам еліне не үшін бардыңыз?

– Мен Сирияға үлкен ұлымды іздеп бардым. Мен оны елге қайтару үшін отбасымен бардым. Барлығымыз бес адам болдық. Ақыр соңында бір ұлымнан айырылдым. Ал екіншісі болса тұтқынға түсті. Қазір ол Иракта.

– Ол жақта ненің куәсі болдыңыз?

– Ол жақта ДАИШ-ті қолдамағанды келіп үйден зорлықпен алып кетіп, өлтіретін. Балаларға арналған «Муаскарлар» лагерлер болды, ол жерде гомосексуализм болды. Балаларға өлім жазасын көрсету арқылы зұлымдыққа үйретті. Нәтижесінде олар жануарларға қатыгездік көрсетіп, жануарларды бауыздап, оларды «кәпірлер» мен «шайтандар» деп атады. Олардың психикасы осы бағытта қалыптасты. Оларға әрдайым қанды шайқасты көрсетіп отырды. Тіпті балалардың бір біріне оқ атқан кездері де болды.

–ДАИШ-тың содырларынан қашқысы келгендер көп болды ма?

– Иә, көбісі қашуға дайын болды. Бірақ олар қорыққаннан үндемей айтқандарына көніп жүрді. Ешкім өз ойын ашық айта алмайтын. Себебі, оларды сол үшін жазалауы мүмкін еді. Кеткісі келгендерді ДАИШ содырлары «мурад» деп санайтын.

– Сіздің ұлыңыз ДАИШ қатарына қалай қосылды?

– Менің баламды 14 жасында алып кетті. Ол арнайы әскери дайындықтан өткен жоқ. Яғни, тәжірбиесіз болды. Ол оқуға ниет білдірген. Бірақ оған әмір бұйрық беріп, «кімнің оқитынын, кімнің оқымайтынын мұнда мен шешем» деп, оны жауынгерлердің алдыңғы қатарына жіберді. Шайқас басталғанда менің балам жарақат алып, ирактықтардың қолына тұтқынға түсті. Содырлар оны соғыс алаңына тастап кеткен.

–ДАИШ балаңызды құтқаруға әрекет жасады ма?

– Олар менен 5000 АҚШ долларын алып, ақшаны Ирактағы қорғаушыға жібереміз деген. Ақыры ақшаны қайтарған жоқ. Балам туралы ешқандай хабар бермеді.

– Сирияға баруды көздегенбауырларымыз бен қандастарымызға не айтар едіңіз?

– Менің айтатыным - ол жердегі жағдай ислам емес, шариғат емес және ол жақта ешқандай халифат жоқ.

– Әңгімеңізге рахмет!

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Дін, Сирия,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT