Jańalyqtar
Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды
2020 жылғы 24 қараша 12:20
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 9 айының қорытындысында отандық кәсіпорындар 52 411 жеңіл және жүк көлігі, автобус пен арнайы техника құрастырды. Биыл автоөнеркәсіп өнімдерін 100 мың техникаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр», делінген хабарламада.
Биыл 10 айда еліміздің машина жасау саласындағы өндірісі 16,5% артты. Автокөлік, трейлер мен жартылай тіркеме шығару көлемі 53,6%, өзге көлік - 87,1%, электр жабдықтары - 3%, машина мен қондырғы өндірісі 4,3% өсті.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді
- Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды
- Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды
- Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті
-
Республикалық маңыздағы бірқатар жолда көлік қозғалысы жанданды
-
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER