+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстандық кәсіпорын басшылары шетелде тегін тағылымдамадан өте алады

2019 жылғы 24 қаңтар 04:28
Бөлісіңіз:
Қазақстандық кәсіпорын басшылары шетелде тегін тағылымдамадан өте алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында отандық кәсіпорын басшылары үшін шетелде бизнес тағылымдамадан өту және ондағы әріптестерімен іскерлік байланыс орнату мүмкіндігі туды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіптегі жоғары және орта буынды жетекшілердің біліктілігін арттыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша оқуға өтінім қабылдау басталды. Өтінім еліміздің барлық өңірінде үстіміздегі жылдың мамыр-қазан айы аралығында қабылданады», - деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, оқыту жобасы екі кезеңнен тұрады, оның біріншісі өз елімізде өтеді. Онда қатысушылар бизнес-тренингтен өтіп, бизнес-жоспар әзірлеу, сол сияқты отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің жетекшілігімен кәсіпорындарын дамытуға қажетті білім мен машықты игереді.

Екінші кезеңде, жобаға қатысушылар үшін шетелде бизнес-тағылымдамадан өту, сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату қарастырылған.

Жобаға қатысуға қойылатын талаптар:

Кәсіпорын шағын және орта кәсіпкерлік деңгейіне жатуы тиіс;

Кәсіпорынның қазіргі қызметі экономиканың басымдыққа ие секторлары тізбесіне сай келуі тиіс; Қатысушының қызметі - кәсіпорын жетекшісінің орынбасарынан төмен болмауы керек.

Қосымша ақпарат алу үшін 1432 нөмірлі call-орталығына немесе Қазақстан бойынша 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін) байланыс нөмеріне хабарласуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT