Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың сәуір айында өтетін жекпе-жектері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясы сәуір айында кәсіпқой бокстан шаршы алаңға кімдер шығатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшылар өздерінің келесі жекпе-жектерін сәуір айының қай күндері өткізетінін назарларыңызға ұсынамыз:

6 сәуір 2017 жыл. Ангар аренасы, Коста Меса, Калифорния, АҚШ. Руслан Мәдиев (Қазақстан, 8-0-0, 3KO) - Рикардо Мальдонадо (Мексика, 7-6-1, 1КО), 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі - 135 фунт) өтеді.

6 сәуір 2017 жыл. Монреаль, Квебек, Канада. Абылайхан Құсайынов (Қазақстан, 5-0-0, 4КО) - Кристиан Арразола (Мексика, 23-13-2, 16КО), 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі - 135 фунт) өтеді.

6 сәуір 2017 жыл. Монреаль, Квебек, Канада. Батыр Жүкембаев (Қазақстан, 8-0-0, 7КО) - Косме Ривера (Мексика, 41-23-3, 28КО), 10 раундтық кездесу жартылай орта салмақта (63,5 келі - 140 фунт) өтеді.

22 сәуір 2017 жыл. Бокс Академиясы, Мәскеу, Ресей. Фируза Шарипова (Қазақстан, 3-1-0, 1КО) - Виктория Котова (Ресей, debut), 8 раундтық кездесу - бірінші жартылай орта салмақта  (58,9 келі - 130 фунт).

9 сәуір 2017 жыл. Калифорния, АҚШ. Бауыржан Момынов (Қазақстан, 2-0-0) - Томас Хилл (АҚШ, 6-1-0, 1КО). 6 раундтық кездесу бірінші - орта жеңіл салмақта.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Мадияр Ашкеев (Қазақстан, 7-0-0, 3КО) - Шон Кэмерон (АҚШ, 10-2-0, 5КО), 8 раундтық кездесу бірінші орта салмақта (69,8 келі - 154 фунт) өтеді.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан, 1-0-0) - Обафеми Бакаре (АҚШ, 3-1-0), 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі - 160 фунт) өтеді.

28 сәуір 2017 жыл. Sportsmans Lodge, Студио Сити, Калифорния, АҚШ. Асхат Уәлиханов (Қазақстан, 1-1-0) - Антонио Санчес (5-4-2, 3КО), 6 раундтық кездесу бірінші жартылай орта жеңіл салмақта (63,5 келі - 140 фунт) өтеді.

29 сәуір 2017 жыл. Лас-Вегас, АҚШ. Бейбіт Шүменов (Қазақстан, 17-2-0, 12КО) - Юниер Дортикос (Куба, 21-0-0, 20КО), 12 раундтық кездесу ауыр салмақта (90,8 келі - 200 фунт) өтеді, WBA чемпиондық белбеуі қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар