Қазақстандық кәсіпқой боксшы жекпе-жекке дайындығын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қаңтарда шаршы алаңға оралатын бірінші орта салмақта қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 KO) жекпе-жек алдындағы жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келесі жекпе-жегінде Садриддин Ахмедов WBA Continental чемпионы титулы үшін нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек Мексиканың Куэрнавака қаласында өтеді.

Залда жаттығып жүрген Садриддин дайындық барысын видеоға түсіріп, өзінің Instagram парақшасында жариялады.


«Алдағы айқасқа дайындық қызу жүруде!», - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, бұл – Ахмедовтың 2019 жылғы желтоқсаннан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Бір жыл бұрын Садриддин аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутпен жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар