Қазақстандық кәсіпқой боксшы Николай Шваб америкалық қарсыласын нокаутқа жіберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Николай Шваб (9-0, 5 КО) Рок-Хилл бокс кешінде (АҚШ, Оңтүстік Каролина) өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ол америкалық Габриэль Смитпен (11-5-1, 4 КО) жекпе-жекке шықты. Шваб қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзіміне дейін аяқтаған.

Осылайша Николай Шваб кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізсе, Габриэль Смит алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, Шваб өзінің алдыңғы жекпе-жегінде венесуэлалық боксшы Хесус Куадро (19-8, 15 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBA екінші дәрежелі чемпиондық белбеу – WBA Fedecaribe иегері атанған болатын.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар