Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті, оның қатысушыларының бірі қазақстандық боксшы Диас Тастеміров (4-0, 4 КО) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат на Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тастеміровтің қарсыласы дебютант, Беларусь елінің боксшысы Артем Шеверов болған. Суперорташа салмақтағы жекпе-жек Диас Тастеміровтің бірінші раундтың өзінде-ақ техникалық нокаутымен аяқталды. Нокауттың алдында рефери Шеверовқа нокдаун есептеген.

Осылайша, 29 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби алаңда өткізген бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Атап өтсек, оның бес айқасының барлығы нокаутпен аяқталған. Тастеміров үшін бұл 2020 жылы өткен бірінші жекпе-жек болды. Артем Шеверов болса, өзінің кәсіби мансабын жеңілістен бастады.


Соңғы жаңалықтар