Қазақстандық кәсіпкерлерге форс-мажор жағдайын растайтын анықтама тегін беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпкерлер Сыртқы сауда палатасынан форс-мажор жағдайы туралы анықтама ала алады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай режимінің енгізілуі де үлкен форс-мажор болып саналады. Президенттің ТЖ енгізу туралы Жарлығында бизнестің жекелеген түрлеріне қызметін тоқтата тұруы керек немесе шектеуі қажет деп көрсетілген. Яғни, Жарлыққа сәйкес, бұл бизнестің өз қызметін жүзеге асыруға құқы жоқ. Әрі қарай не істеу керек? Форс-мажор жағдайлары туралы куәлік алу үшін кәсіпкерлер Сыртқы сауда палатасына жүгіне алады. Ол үшін біз құжаттарды зерттеудің жеңілдетілген режиміне ауыстық», - деді Ш. Темір онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, құжаттардың сканерленген көшірмесін [email protected] мекенжайына онлайн жіберуге болады.

«Барлық сұрақтар бойынша 1432 байланыс орталығына хабарласуға болады. Сонымен бірге, анықтама беруді 15 күннен 5 күнге дейін жеделдетіп, төтенше жағдай кезінде тегін беруді ұйғардық», - деді ол.

Бұған дейін «Атамекен» ҰКП төтенше жағдайдың жариялануынан зардап шеккен кәсіпкерлер туралы баяндады.



Соңғы жаңалықтар