Қазақстандық кәсіпкерлер тракторға қажет бұйым жасауға атсалыса алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдері «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында тракторға қажет бұйым жасауға атсалыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты.Ол форумның пленарлық отырысында әйгілі Hyundai компаниясымен бірлескен жобаларға тоқталды.

«Hyundai Trans Auto» ЖШС арнайы техникаға арналған шанақтарды шығаратын болады және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыт базасында өндірілетін жеңіл көлік құралдарына арналған есік тұтқалары мен резеңке бұйымдар өндірісін жолға қойып отыр.

Соңғысы, «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында осы жылдың наурыз айында Қостанай облысында оқшаулау орталығы іске қосылды. Жобаға салынған 30 млн доллар инвестиция салу көзделген. Соның арқасында 450 жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, мамандандырылған оқу орталығы іске қосылды.

Бұл жобаның ерекшелігі – оның бизнес-инкубатор» деп аталатын алаңы болады. Оған компоненттерді өндірумен айналысатын шағын және орта бизнес келетіндер кіре алады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл өндірістің тұтастану деңгейін арттыруға және компоненттерді өндіруге ықпал етеді.

«Қазірдің өзінде оқшаулау орталығында «Кировец», «Ловол» тракторларына арналған шыны пластик пен балласты жүктер дайындалуда. Жалпы, 2 мыңға жуық бөлшек шығару жоспарланып отыр.

Осылайша, ел нарығында салауатты бәсекелестік артып келеді. Бұл автомобиль компоненттерінің базасын дамытуға және түпкілікті құнын төмендету арқылы өнім сапасын арттыруға оң әсер етеді», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар