Қазақстандық кәсіпкерлер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ІХ республикалық «Салықтық тексерулер. Формадан мағынаға басымдық беру» атты конференция өтті.

Шараға ҚР салық қауымдастығының төрағасы Жанат Ертілесова, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов, ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев, ҚР ҚМ Салық комитеті төрағасының орынбасарлары Арғын Қыпшақов пен Толғанай Ботақанова қатысты.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Құсайынов Марат салық туралы жаңа заң жобасының Парламент қарауында жатқандығын айтып өтті.

«Осымен 9 жыл бойы біз ҚР Салық туралы заңнаманы зерттеп келеміз. Биыл біздің жұмыс тобымен 600-ге жуық ұсыныс қабылданды. Оның ішінде 225 ұсыныс түсініксіз тұстарды анықтауға бағытталды. Қазір заң жобасы Парламент қарауында жатыр. Жаңа заң жобасы бойынша 2014 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 1 қазанға дейінгі отандық кәсіпкерлердің шотында жиналған айыппұлдар мен өсімақы кешіріліп, салықтық рақымшылық жасалады. Осыдан үнемделген қаржы кәсіпкерлерге өз бизнесін одан әрі дамытып, өркендетуге мүмкіндік бермек. Өйткені, бизнестің дамуына тұсау келтіретін факторлардың бірі - қаржы тапшылығы», - деді вице-министр Марат Құсайынов.

Конференция барысында кәсіпкерлер салық органдарының тексеру нәтижесіне шағымдану тәртібі мен Е-аудит, өзге де өзекті мәселелер туралы кеңес алды.

Соңғы жаңалықтар