Қазақстандық кәсіпкерлер Моңғолияға барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 4-5 қазанда Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) ресми сауда-экономикалық миссия өтеді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді осы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.

Іс-шараның мақсаты - қазақстандық және моңғол кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екі ел арасында іскерлік байланыс орнату.

Миссияның бағдарламасында: сауда-экономикалық форумға қатысу, Ұлан-Батырдың мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен іскерлік кездесу, Моңғолияның кәсіпкерлері мен ұйымдарының өкілдерімен іскерлік байланыс жоспарланып отыр.

Іс-шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Инвестициялар және даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігімен және Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар