Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдың «тәбетін» өтеп көрмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қытай Халық Республикасы 7 млн.тонна сиыр етін, 3 млн. тонна астықты және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін сырттан сатып алады. Қытайға экспортталатын тауарлардың жалпы соммасы 115 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Ал қазақстандық өнімдердің үлесі 0,1 пайыздан аспайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытайға өз өнімдерін экспорттауға дайын отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау жасауға даяр. Бүгінде палатаның ресми сайтында «Қытайға экспорт!» айдары ашылды. Онда тауарларға қойылатын негізгі талаптар ғана емес, көрші елдің нарығына шығудың сызба-нұсқасы да көрсетілген. Бұдан бөлек, арнайы байланыс орталығына қоңырау шалып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап алуға болады. Сондай-ақ [email protected] электронды поштасына сауал жолдауға мүмкіндік бар. Жалпы, «Атамекен» ұлттық палатасы отандық өнімдерді көрші елді нарығында кеңінен таныту мақсатында бірыңғай брендті қалыптастыруды көздейді.

«Біз әрбір кәсіпкерге қолдау жасауға даярмыз. Былайша айтқанда, қолынан ұстап, Қытай нарығына шығуына көмектесеміз. Алайда бәрі жеңіл болады деп ойламаңыздар. Ол жақта сырттан келетін өнімдерді қатты тексереді. Қытай нарығына шығу үшін арнайы куәлікті алу қажет. Сондықтан тиісті талаптарға дайын болған жөн», - дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Осы орайда ол кәсіпкерлерге бірігіп, кооператив құру арқылы көрші елдің нарығына шығуға кеңес берді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қазақстандық омарташылар да бір кооператив құрып, Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар