Қазақстандық кәсіпкерлер Елбасын қолдап үндеу жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Үндеуіне байланысты, қазақстандық кәсіпкерлер Елбасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетаудағы керамикалық әрлеу кірпішін өндіретін «ENKI» ЖШС ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін қашанда Елбасы болып қала беретінін білдірді.

«Елбасының бастамасымен іске асырылған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында біздің кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Бүгінгі таңда біз Испанияның VERDES фирмасының қондырғыларымен жоғары сапалы өнімдерді шығарамыз, соның арқасында өндірісте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеміз», - дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Көкшетау сүт зауытының ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының арқасында елімізде бизнес жүргізуге барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті. Олардың айтуынша, сол салиқалы саясаттың нәтижесінде, бүгінгі таңда еліміз қарқынмен дамып келеді, барша қызмет саласында ауқымды реформалар іске асырылуда.

«Тыныс» АҚ ұжымы экспортқа бағытталған, экономикасы мықты, индустриалды-инновациялық даму стратегиясына негізделген мемлекет құру - тәуелсіздік жылдары іске асырылған ең маңызды жұмыс болғанын айта келе, мемлекеттің қолдауымен кәсіпорын дамудың жаңа деңгейіне шыққанын жеткізді. «Отандық өндірісшілерді қолдағаны үшін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғыс», - деді олар.

«Елорданың атын «Нұр-Сұлтан» қаласы деп өзгерту бастамасына қолдау білдіре отырып, Елбасына рахмет айтамыз», - дейді «Баян Сұлу» АҚ ұжымы. Олар Отанның дамуы жолында Нұрсұлтан Назарбаев сияқты қажымай еңбек етуге уәде етті.

«Агромашхолдинг KZ» ЖШС және «Сарыарқа Автопром» ЖШС ұжымы да Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ыстық лебіздерін арнады.

«Агромашхолдинг KZ» және «Сарыарқа Автопром» тарихы 1982 жылдан басталады. Сол кезде Сіз Қостанай үшін аса маңызды дизел зауытын салу туралы шешім қабылдаған едіңіз. Зауыт 2003 жылы ауыл шаруашылығы техникаларының, 2010 жылдан автомобильдердің ту ұстары болды», - дейді кәсіпкерлер.

Олар Елбасының есімін мәңгілік ету үшін елорданы «Нұр-Сұлтан» деп атау бастамасына қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар