+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстандық кәсіпкерлер АҚШ пен Түркиядан сарапшы шақыра алады

2019 жылғы 22 мамыр 12:44
Бөлісіңіз:
Қазақстандық кәсіпкерлер АҚШ пен Түркиядан сарапшы шақыра алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық кәсіпорындар үшін биыл шетелден 64 сарапшы шақырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың наурыз айынан бастап «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша онлайн оқуға болады. Кәсіп ашуға ниетті кез келген қатысушы оқу материалдарын видео арқылы қарап, оның нәтижесінде емтихан тапсырып, оқығаны жөнінде сертификат ала алады. Бұл бағдарлама бойынша 900-ден астам кәсіпкерге бүгін де сертификат берілді», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, палата қазіргі уақытта ұсынылатын барлық қызмет түрін одан ары жақсарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы да басталғанын атап өткім келеді. Бұл бағыт биыл барлық облыс орталықтарын және республикалық маңызы бар қалаларды қамтиды. Мысалы, биыл бұл бағытпен 8 өңір қамтылған. «Аға сеньорлар» жобасы бойынша отандық кәсіпорындарға 64 шетелдік сарапшыны шақыру көзделіп отыр. Осы жылы кәсіпкерлер түрік және америкалық тәлімгерлерді шақырта алады. Бұл ретте кез келген кәсіпкер өзіне қажетті сарапшыдан тәлім алуына болады», - дейді ол.

Айта кетсек, Үкіметтің баспасөз орталығында өткен бүгінгі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылатынын хабарлаған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT