Қазақстандық кәсіби бокстағы алғашқы қадамын жеңіспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Өмірбай Жантіл кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіби боксы» тобына сілтеме жасап

Мәскеуде өткен бокс кешінде жартылай салмақтағы боксшы Өмірбай Жантілдің қарсыласы ресейлік Виктор Селезнев болды. Бұл екі спортшының да кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жектері.

Өмірбай Жантіл қарсыласының өзінен ұзын болуына қарамастан алғашқы секундтардан-ақ өзінің кәсіби мықтылығын көрсете білді. Ол В.Селезневті бірнеше рет қатарынан соққылап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Екі  рет нокдауын алып қалған В.Селезнев айқасты жалғастырғысы келгенімен, төреші бәсекені тоқтатты.

Боксшының келесі кездесуі 8 қыркүйек күні Санкт-Петербургте Фируза Шарипованың жекпе-жегінің андеркартында өткізеді.

Айта кетсек, Ф.Шарипова аталған бокс бәсекесінде Ө.Жантілдің қасында болды.

Соңғы жаңалықтар