Қазақстандық кәсіби боксшы АҚШ-та өткен айқаста жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Темірлан Райымқұлов (3-1-2, 0 КО) АҚШ-та екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) бокс кеші аясында өткен және төрт раундқа жоспарланған. Райымқұловтың қарсыласы америкалық Карим Глэдни (0-4) болды. Айқас төрешілердің бірауыз шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл Райымқұловтың кәсіби бокстағы төртінші жеңісі, ал Глэдни бесінші рет жеңіліс тапты.
Еске салайық, Темірлан 10 қазанда АҚШ-та дебют жасады – Филадельфияда айқас өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен америкалық Джадон Эрвинді (1-1, 0 КО) жеңді. Бұған дейін ол отанында және Ресейде бокстасқан. Айта кетейік, Темірлан Райымқұлов басқа отандастары, Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Жәнібек Әлімханұлымен (10-0, 6 КО) бір салмақта өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар