Қазақстандық Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегерімен жекпе-жекте жеңіліп қалды

None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – 2022 жылғы Азия чемпионы, қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Әбу-Дабиде өткен Халықаралық бокс қауымдастығының IBA Champions’ Night атты алғашқы турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

57 келіге дейінгі салмақ санатында рингке шыққан К.Ибрагимова 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола медаль иегері италиялық Ирма Тестамен кездесті.

5 раундқа есептелген жекпе-жек соңына дейін өтіп, төрешілердің бірауызды шешімімен Италия өкілінің пайдасына аяқталды.

IBA Champions’ Night алғашқы турниріне бірнеше белгілі боксшы қатысуда. Олардың арасында Баходир Джалолов (Өзбекстан), Данис Латыпов (Бахрейн), Муслим Гаджимагомедов (Ресей) бар.

Карина Ибрагимованың аталған турнирде өнер көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз.

Фото: Sports.kz


Соңғы жаңалықтар