Қазақстандық Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегерімен жекпе-жек өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсанда Әбу-Дабиде (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының IBA Champions' Night бірінші турнирі өтеді. Оның аясында шаршы алаңға есімі белгілі бірнеше боксшы шығады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.


Қатысушылар қатарында 2022 жылы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған қазақстандық Карина Ибрагимова бар. Ол рингте 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, италиялық Ирма Тестамен жұдырық түйістіреді.
Шара Global Boxing Forum ясында ұйымдастырылады.
Сондай-ақ турнирде келесі жекпе-жектер өтеді:
Баходир Джалолов (Өзбекстан) — Данис Латыпов (Бахрейн);
Муслим Гаджимагомедов (Ресей) — Энмануэль Рейес (Куба);
Софьян Умиа (Франция) — Карен Тонаканян (Армения);
Руслан Файфер (Ресей) — Кевин Джонсон (АҚШ)
Зеяд Ишаиш (Иордания) — Роньель Иглесиас (Куба);
Амер Хусейн Әли Саид (БАӘ) — Риз Линч (Шотландия);
Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан) — Йоэнлис Эрнандес Мартинес (Куба).


Фото: sports.kz
Соңғы жаңалықтар