Қазақстандық каратэшілер Мадридте 3 алтын еншіледі

МАДРИД. ҚазАқпарат – Мадридте (Испания) каратэден «Премьер Лига-Мадрид Опен 2019» бәсекесі мәреге жетті. Халықаралық турнир қорытындысында Қазақстан 3 алтын олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
75 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Ермек Айназаров финалда франциялық Логан да Кастоймен күш сынасты. Екеуі де бірі-біріне оңайлықпен беріспеді. Есеп 1:1. Тек төрешілердің шешімімен алтын медаль қазақстандыққа бұйырды.
Ал басты айқас - 60 келіге дейінгі салмақ санатындағы Дархан Асаділов өзге қазақстандық Қайсар Алпысбаевпен кездесуі тиіс еді. Қайсар жекпе-жекке шығудан бас тартып, Дарханеш күрессіз чемпион атанды.
Қыздар арасында 61 салмақ санатындағы Софья Берульцева финалдық айқаста грекиялық Елена Чатзилидоуды сүріндіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Атан өткен жөн, Мадридтегі турнирде Қазақстан ұлттық командасы жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
- «Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
-
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
-
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам