Қазақстандық каноэшылар Әлем кубогының екі медалін жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимур Хайдаров, Мерей Медетов 200 метрдегі екі адамдық байдаркада байдарка мен каноэ есуден II Әлем кезеңі кубогында күміс медаль алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған спорт түрінен қола медальді де отандық спортшылар Емельянов Сергей және Емельянов Тимофей иеленді. Хайдаров пен Медетов қашықтықты 36.823 секундта есіп өтсе, Емельяновтар белгіленген шақырымды 37.371секундта еңсерді.  Алтын медаль ресейлік Александр Ковалев пен Иван Штильге бұйырды (36.672сек).

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 52 мемлекетінен 600 ден астам спортшы қатысты. Байдарка мен каноэ есуден II Әлем кубогы мамырдың  25- 27 аралығында Германияның Дуйсбург қаласында өтті. 

Соңғы жаңалықтар