Қазақстандық каноэшы Алтынбек Қожахмет әлем чемпионатында күміс олжалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық каноэшы Алтынбек Қожахмет Болгарияның Пловдив қаласында юниорлар арасында (18 жас және одан да төмен) каноэ мен байдарка есуден өтіп жатқан Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ  Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 1000 метрлік қашықтықты 04:25:412 көрсеткішімен еңсерді, қола неміс спортшысы Роа Бенэкте (04:25:558), алтын беларусь Дзянис Патапенканың еншісінде (04:25:077).

null   Айта кетейік, юниорлар (18 жас және одан да төмен) мен жасөспірімдер ( 23 және одан жас) арасындағы каноэ мен байдарка есуден Әлем чемпионаты Болгарияның Пловдив қаласында 26 шілдеден бері өтіп жатыр. Финалдық сайыс - 29 шілдеде.

nullЖарысқа әлемнің 67 мемлекетінен спортшылар қатысып жатыр. Қазақстаннан 17 спортшы барды. Олардың 12-сі кіші және бесеуі ересек топта.

Сонымен қатар, юниор қыздар арасында каноэшы Гүлжайна Тыныбекова 500 метрлік қашықтықта бесінші орыннан көрінді. 

Соңғы жаңалықтар