Қазақстандық кəсіпкерлер Ресейде қандай кедергілерге тап болып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Еуропа арасындағы санкциялық текетірестер қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайын қиындатты. Бүгінде көрші елдің федералды органдары өз нарығын қорғаймыз деп, қосымша әкімшілік кедергілерді көбейтіп тастаған. Астанада өткен кездесуде «Атамекен» ҰКП басшысы Абылай Мырзаxметов осылай мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Ресейдегі санкциялық режім көптеген қолайсыздықтарға себеп болып отыр. Жарайды, біздің кәсіпкерлеріміз оған да бейімделді. Бірнеше жыл бұрын Украинаға баратын транзит мәселесі де қинап тастады. Жергілікті билік Ресей президентінің жарлығы бар деп, қазақстандық тауарларды ұстап, біраз қиындық жасады. Сол кезде бизнесмендер жылдар бойы жасаған транзиттік бағыттарын өзгертуге мәжбүр болды. Ал бір апта, я болмаса, бір айдың ішінде бәрін өзгерту мүмкін емес. Қазірдің өзінде Украинамен арадағы сауда-саттық күрт төмендеді», - деді Абылай Мырзаxметов.

Оның айтуынша, шекара маңындағы аймақтарда отандық кәсіпкерлерге біраз шектеулер қойып тастаған. Мемлекеттік сатып алуларға да қатысу қиын. «Мәселен, Белгородта арнайы куәлікті енгізіпті. Онсыз сол жердегі тендерлерге қатыса алмайсың. Ал ондай куәліктер тек жергілікті бизнесмендерге ғана беріледі. Дәл сондай тәжірибе барлық өңірлерде бар. Біздің бизнесмендеріміз базарларға да кіре алмай жүр. Бүкіл жерде федералды жүйе, губернаторы бар және тағысын тағы. Біз өз жеріміздегі бюрократияға шағымданамыз. Ол жақта бізден де өткен бюрократия екен. Негізі, оларға қарағанда, біздер ЕАЭО пен ДСҰ міндеттемелерін сақтап келеміз. Дегенмен, біз он облысты аралап келдік. Сонда жергілікті бизнесте протекцианистік ұстаным басым. Отандық кәсіпкерлер де өз нарығымызды барынша қорғайық деп отыр. Әйтпесе, біз ғана барлық талаптарды сақтай берсек, ешбір пайда болмайтын тәрізді», - деп атап көрсетті А.Мырзаxметов.

Айта кетейік, бүгін ЕАЭО коллегиясының мүшесі Тимур Жақсылықов отандық бизнесмендермен кездесіп, маңызды бір кеңес берді.  Оның айтуынша, алдағы уақытта одақтың ішінде тағы бір кеңес болады. 

Фото: beta.palata.kz

Соңғы жаңалықтар