Қазақстандық Израильде жеңіл атлетикадан ашық чемпионатта жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Израиль ашық чемпионаты қазақстандық спортшы Роман Лошкаревтің осы маусымдағы алғашқы шетелдік жарысы болды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Жеңіл атлетикадан Израильдегі 82-ші чемпионат 4-5 шілде аралығында Тель-Авив қаласында өтті. Бұл жарыстардың ашық мәртебесі көптеген елдердің- Кипр, Германия, АҚШ, Украина, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Литва, Кения, Эфиопия, Мозамбик және Польша өкілдерінің назарын аударды.

Бірақ, биіктікке секіруден қазақстандық Роман Лошкарев жалғыз шетелдік қатысушы болды. Алты спортшы медальға таласты. Лошкарев қалған спортшылардан басым түсіп, 2.17 метр биіктікке секірді. Бұл Романның шетелде көрсеткен үздік нәтижесі. Ол былтыр тамызда Дүниежүзілік Универсиада квалификациясында 2.15 метрге секірген еді.

Айта кетейік, 4 шілдеде Израильдегі ашық чемпионаттың алғашқы күнінде тағы бір қазақстандық Мария Овчинникова қола медаль иеленген болатын. Ол үш қарғып секіруден үшінші орын алды.

Соңғы жаңалықтар