+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстандық Италиядағы халықаралық аккордеоншылар байқауында топ жарды

2019 жылғы 13 қазан 23:04
Бөлісіңіз:
Қазақстандық Италиядағы халықаралық аккордеоншылар байқауында топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Сырбойылық жас баяншы Абылайхан Абайұлы Италияда өткен халықаралық аккордеоншылар байқауында топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйгілі композиторлардың бірнеше шығармасын орындаған Абылайхан 5 дәреже бойынша сынға түсті. Әсіресе, Құрманғазының күйі Кәрі құрлық тыңдармандарын тәнті еткен. Баяннан құйқылжыта саз төккен аралдық дарын иесі классика жанры бойынша үздік атанса, «Виртуоз юниор» номинациясында екінші орын алды. Түймелі аспаптың тиегін дөп басуды үйреткен ұстазы Әсия Боранғұлованың жетекшілігімен Абылайхан енді Францияда өтетін фестивальға шақырту алып отыр.

«Әрине, конкурс өте қиын болды, қобалжу да болды. Мұндай конкурсқа бірінші рет шығып отырмын. Әр елден қатысушыларды көріп, барымды салып, өз-өзімді барынша көрсетуге тырыстым. Құрманғазының Бозқаңғыр күйін орындадым. Баянға өңдеп түсірген Алексей Ефременко. Шетелге конкурсқа шыққанда қазақтың шығармаларын орындауға тырысамыз. Қазақ өнерін барынша көрсетуге тырысамыз», - дейді Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенті Абылайхан Абайұлы.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT