Қазақстандық IT-жобаларға Өзбекстан қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда өткен форумда еліміздегі 23 IT-компанияның 60-қа жуық жобасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Ташкентте қос тарап өкілдерінің кездесуі «Цифрлы Қазақстан» және Өзбекстанның мемлекеттік бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Басқосуға Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты. Бұл IT-жобалар ақпараттық технология, телекоммуникация, денсаулық сақтау, білім беру, Smart City және экономика салаларын қамтиды. Олар Өзбекстан тарапының үлкен қызығушылығын туғызып отыр.

Кездесудің мақсаты - Қазақстан мен Өзбекстан арасында цифрландыру жобаларын енгізу үшін қарым-қатынас орнату.

«Біз Smart City жобасына инвестиция құюымыз керек. Қазір осыған байланысты қызу жұмыс жүріп жатыр. Келешекте әріптестермен тығыз байланыс орнатып, жобаны бірлесе жүзеге асырамыз. Осы 2 күн ішінде ортақ келісімге келіп, меморандумға қол қоямыз деп ойлаймын», - дейді Астананы тұрақты дамыту орталығының  IT-сәулетшісі Виталий Пустовойтенко.

Соңғы жаңалықтар