«Қазақстандық ипотекалық компанияның» жарғылық капиталы 14 млрд. 14 млн. теңгеге ұлғайды

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақстандық Ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ жарғылық капиталы 14 млрд. 14 млн. 900 мың теңгеге ұлғайды. Бұл ретте ұлғайтылған қаржыландыруды қоса есепке алғанда компанияның жалпы капиталы 30 млрд. 339 млн. 967 мың теңгеге жетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қаржыландыру «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында қаралған «Кейіннен сатып алу арқылы баспананы жалға беру» бағытын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асып отыр», - делінген баспасөз баянында. Тоқтала кететін жайт, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес, компанияның жарғылық капиталын 15 млрд. теңгеге ұлғайту қарастырылған. Бұл қаражат «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясындағы жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу мен салуға жұмсалатын болады. Осыған орай, қаржыландырудың қалған бөлігі, яғни 985 млн. 100 мың теңгесі жақын аралықта бөлінетін болады.
«Бағдарлама аясында 2014 жылы 250 мың шаршы метр, ал одан кейінгі әр жылдары 500 мың шаршы метрге дейін тұрғын үйде іске қосу жоспарланады. Нәтижесінде 2020 жылға қарай «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ 3 млн. шаршы метрден асатын жалға берілетін тұрғын үйлер салмақ», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар